Мектептегі тамақтану сапасы бақылауда!
09.10.2026
Бүгін Досов атындағы орта мектепте бракераж комиссиясының кезекті жұмысы жүргізілді.
Комиссия мүшелері дайын тағамдардың сапасы мен сыртқы көрінісін, тағамдардың бекітілген мәзірге сәйкестігін, өнімдердің сақталу жағдайын және санитарлық талаптардың орындалуын тексерді.
✅ Тексеру барысында дайын тағамдар белгіленген талаптарға сәйкес деп танылды.
Оқушылардың сапалы әрі қауіпсіз тамақтануын қамтамасыз ету — мектеп ұжымының басты міндеттерінің бірі! 💚
Просмотров: 269