Құқықтық мәдениет – қауіпсіз болашақ кепілі

23.02.2026

Мектепте ПДН қызметкерлерінің қатысуымен профилактикалық кездесу өтті. Кездесу барысында оқушыларға темекі шегудің, вейптер мен электронды темекілерді пайдаланудың зияны туралы кеңінен айтылды. Сонымен қатар кәмелетке толмағандар үшін белгіленген коменданттық сағатты сақтау, құқықбұзушылықтардың алдын алу мәселелері қозғалды. ПДН қызметкерлері оқушылар мен олардың ата-аналарының құқықтары мен міндеттерін түсіндіріп, заң талаптарын сақтаудың маңыздылығына ерекше назар аударды.

Просмотров: 4785


Пікір қосу



Деректерді қолтаңбаға қосу