Құрметті ата-ана! Назар аударыңыз!

Егер балаңыздың бойынан:

- себепсіз мінез-құлқының өзгеруін;

 - сүйікті іс-әрекетінен бас тартуын және оған деген ынтасының жоғалуын;

 - тұйықталуын, жиі оқшаулануын;

 - әдеттегіден тыс көп ұйықтауын;

 - әдеттегіден тыс ашуланшақтық болуын;

 - абайсыз, қауіпті әрекеттерді жиі жасауын байқасаңыз, онда бұл балаңыздың бойында, назар аударуды талап ететін, эмоционалды қиындықтардың орын алуын көрсетуі мүмкін.

      Ол үшін білікті мамандармен байланысып, психологиялық кеңестер алуға болады: www.covid-19.mentalcenter.kz/children-kaz, www.telefon150.kz  және www.bfline.org.

      Барлық онлайн кеңестер тегін.