әдеттегі іс-әрекетке деген қызығушылығының жоғалуын, күнделікті белсендігінің төмендеуін

Құрметті ата-ана! Назар аударыңыз!

 

Егер балаңыздың бойынан:

- әдеттегі іс-әрекетке деген қызығушылығының жоғалуын, күнделікті белсендігінің төмендеуін;

- жиі күрсінуін;

- жиі пессимистік танытып, қайғылы әуенде музыка тыңдау;

- жақсы көретін заттарына немқұрай қарауын;

- сөз арасында өзіне деген жеккөрушілік сезімін;

- өзіне тән емес мінез-құлық танытуын байқасаңыз, онда бұл балаңыздың бойында, назар аударуды талап ететін, эмоционалды қиындықтардың орын алуын көрсетуі мүмкін.

      Ол үшін білікті мамандармен байланысып, психологиялық кеңестер алуға болады: www.covid-19.mentalcenter.kz/children-kaz, www.telefon150.kz  және www.bfline.org.

      Барлық онлайн кеңестер тегін.